Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ас дәмін қалай жоғалтады?

Ас дәмін қалай жоғалтады?

Жолдасбек Дуанабай
1055
Ас дәмін қалай жоғалтады? Күнделікті өмірде көптеген тағам түрін, кейбір азық-түлікті ашып кетпес үшін тоңазытқышқа салып қоятынымыз шындық. Міне, сол астың бірқатары суық жерде дәмін жоғалтады екен.

Флорида университетінің ғалымдары мұны дәлелдеу үшін қызанақты тоңазытқышқа салып қойып, белгілі бір уақыт өткен соң өз қорытындыларын жария етті. Шынында да өте дәмді қызанақтың суық жерден кейін дәмсіз болып қалуы ойға қалдырады. 
Мамандар қызанақтың екі түрін жылужайда өсіріп, артынан оны 5 градус суық жерде үш немесе жеті күн ұстаған. Содан соң оны үй температурасына дейін жылытқан. Ғалымдар көкөністен шығатын иісті, РНК мөлшерін  зерттеді. Анықтай келгенде төмен температура гендерді өзгертуге ықпал етеді. Соның салдарынан көкөніс сапасын жоғалтады. Негізі қызанақтың дәмі көміртегі, қышқылға байланысты. Қызанақты үй температурасында ұстаған жағдайда ғана дәмі өзгеріссіз қалады. Сондықтан сүйікті асыңызды дер кезінде жеп, тамаққа қосып үлгеру керек немеес үй температурасында ұстаңыз.