Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Нұр Отан» партиясы: тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі

«Нұр Отан» партиясы: тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі

Айқын-ақпарат
946
«Нұр Отан» партиясы:  тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі «Нұрлы жолдың» әрбір жобасы партия бақылауында

Қызылорда облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау мақсатында облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жанынан құрылған «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Комиссия отырысына облыстық партия филиалының басшылығы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы, мердігер ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін облыста 32 нысанның құрылысы жүргізілген. Бүгінгі таңда жоба аясында облыс бойынша тағы 14 үйдің құрылысы қосымша жүргізілуде. Бұған мемлекеттік қордан 6,2 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың шілде айында аяқтау жоспарланған.
«Ағымдағы жылы өңірде «Нұрлы жол бағдарламасы бойынша 2 мектеп, 1 ба­лабақша құрылысы сонымен бірге, тұрғын үй алаңдарындағы инженерлік ком­муналдық инфрақұрылым құрылысын жөндеу, жаңғырту жұмыстарына ұлттық қордан бөлінген қаржы толық игеріліп, тиісті мерзімдерінде пайдалануға берілуде. Атап айтарлық кемшілік жоқ. Партия тарапынан бақылау жұмыстары өз деңгейінде жалғаса беретін болады» деді комиссия отырысы барысында облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы Ерғазы Қожақов.
Отырыста Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов «Нұрлы жол» бағдарламасының қалада іске асырылуына тоқталып, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Жиынды қорытындылаған облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Темірхан Әлімқұлов тиісті мемлекеттік органдар басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының уақытылы әрі тиімді игерілуін және құрылыс сапасын қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтті.
А.ІЗГІЛІК