Негізгі бет  /  мақалалар  /  ӘР АЗАМАТ ӨЗ ҚҰҚЫН БІЛГЕНІ ДҰРЫС

ӘР АЗАМАТ ӨЗ ҚҰҚЫН БІЛГЕНІ ДҰРЫС

Айқын-ақпарат
839
ӘР АЗАМАТ ӨЗ ҚҰҚЫН БІЛГЕНІ ДҰРЫС Павлодар облысы «Нұр Отан» партиясы Железин аудандық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясы 2015-2025 жылдары. сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағдарламасын жүзеге асыру Жол картасы шараларының жоспарын орындау барысы қаралды. Шара прокуратура және құқық қорғау органдарымен бірлесе ұйымдастырылды.
Өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жө­ніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Амангелді Сейітов тұрғындар арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру маңыз­дылығына тоқталды. 
– Құқықтық нигилизмді жою, сыбай­лас жемқорлыққа нөлдік шыдамдылыққа баулу ауыл аймақта аса маңызды. Әрбір азамат бұл қоғамдық кеселмен күрестегі маңызды­лығын түсінуі керек. Отбасыларда балалар еңбекке, өз елі, халқына деген сый-құрмет рухында тәрбиеленуі қажет, – деді А. Сейітов.
Отырысқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жеке дара фактілерді анықтаумен шектелмеуі керек­тігін мойындады. 
– Азаматтарымызда сыбайлас жемқорлық құқықбұзу­шылықтарға қарсылық рухын қалыптастыруымыз қажет, өскелең ұрпақ үшін дұрыс жол, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін әр күн сайын көрсетіп отыруымыз лазым, – деп атады партияның Железин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Төлеген Сәрсенов.
Гүл БЕКЗАТ