Негізгі бет  /  мақалалар  /  ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айқын-ақпарат
856
ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болатбек Қыстауов «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылау бойынша жастар ұйымы белсенділерімен, үкіметтік ұйым жетекшілерімен, партия мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу дөңгелек үстел форматында өткізіліп, қатысушылар Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, сотталған жас­тарға психологиялық және құқықтық көмек көрсету, дін мәселелері, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастарды жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселелерін тал­қылады.
Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болатбек Қыстауовтың айтуынша, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі – партиялықтардың басты назарында.
Облыстық партия филиалы тарапынан «Сәтті қадам!» партиялық жобасы аясында Ұлттық бірыңғай тестілеуде межелік деңгейден өте алмай қалған 3939 мектеп түлегі туралы дерекқор қалыптастырылды. 2023 мек­теп түлегі – жоғары оқу орындарына, 1139 түлек – орта арнаулы оқу орындарына, 224 – Ұлттық бірыңғай тестілеуге қайта тапсыру мақсатында дайындық курстарына, 195 түлек әскерге баруға ниет біл­дірді. Бүгінгі таңда бастауыш партия ұйымдары арқылы 358 түлекті жұмыспен қамту мәселесі ше­шілуде. Облыстық партия филиалы алдағы уақытта да жастарды партиялық жұмысқа тарту, олардың пікірін, көзқарасын түсініп, қажетінше пайдалану үшін ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр, – деді Болатбек Дүйсенбекұлы.
«Қазақстан – 2050» ұлттық қозғалысының өкілі Сейдулла Исмайлов кездесу нәтижелі болды деп есептейді. 
– Бүгін біз өңіріміздегі жастар саясатын жүзеге асырудағы мәселелерді талқыладық. Жастарды жұ­мыс­пен қамту мәселесі, тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар болды. Мен осындай дең­гейдегі кездесулер жастардың түйткілді мәселелерін талдау, анықтауға және шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді, – деп ойын ортаға салды.
«Жас Отан» ЖҚ белсендісі Дамир Арусов осындай кездесулерді тоқсан сайын ұйымдастыруды ұсынды.

С.САДЫР