Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бақытбек Есентаев ақталуы мүмкін

Бақытбек Есентаев ақталуы мүмкін

Айқын-ақпарат
900
Бақытбек Есентаев  ақталуы мүмкін Бақытбек Есентаевтың соты аяқталуға жақын. Бірақ әзірге мемлекеттік айыптаушының Бақытбек Есентаевқа қандай жаза сұрап отырғаны белгісіз.

 Сот процесі жабық түрде өтіп жатқандықтан, ресми органдардың өзі бұл жайтты құпия сақтап отыр. Ал сотталушының қорғаушысы тағылған айыппен келіспейміз дейді. Сондай-ақ бүгінгі сот отырысына Бақытбек Есентаевтың бұрынғы жары, продюсер Баян Есентаева да қатысты.

 

Араға тура 11 күн салып Бақытбек Есентаевтың соты қайта жалғасты. Бұл жолғы процесте қос тарап жарыссөзге шықты. Түске дейін де, түстен кейін де жалғасқан сот отырысының есігін торауылдап жүрген журналистерден басқа ешкім жоқ. Ал прокурордың қандай жаза сұрағаны белгісіз. Белгілісі, Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы әу баста Есентаевқа тағылған айып дұрыс болмады деп отыр.

«Біз, қорғаушы жақ, алқа билер соты оны ақтап шығуын сұрадық. Оған қылмыстық кодекстің баптары бойынша айыптаулар қате тағылған. Ол аталған қылмыстарды жасаған жоқ», - дейді Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы Бекболат Жексейітов.

Қазір Бақытбек Есентаевты екі қорғаушы қорғап жатыр. Процестің бір ерекшелігі, сотта шешімді алқа билері қабылдайтындығында. Ал бүгінгі процеске «тегімді өзгертпеймін, Есентаева болып қаламын» деген Баян да келді. Соттан кейін қорғаушысымен далада сәл кідіріп тұрып қалды.

Бақытбек Есентаевтың ендігі сот отырысы 3 қараша өтеді. 20 жылдан астам отасқан жұбайын пышақтады деп айыпталған Бақытбек Есентаевқа жақын арада үкім де шығып қалуы мүмкін.

31-арна

 
 

baq.kz