Негізгі бет  /  мақалалар  /  Аурудан айығудың жолы бар

Аурудан айығудың жолы бар

Жолдасбек Дуанабай
1113
Аурудан айығудың жолы бар Ақуыздан жасалған коктейль ішіп көрдіңіз бе? Бұл адам үшін жай сусын емес, нағыз қорқынышты дерттерге ем екен.

«The Daily Mail» басылымының жазуынша,  «сарысу ақуызы» деп аталатын ас түрі бодибилдерлер арасында кеңінен танымал. Ол қысымды түсіріп, холестерин деңгейін төмендетіп, қан тамырларына жақсы әсер етеді.  Ридинг университетінде жүргізілген зерттеулер жоғарыда аталған ақуыздың аса қауіпті жүрек дертін 8 пайызға азайтқан.  
Жалпы күнделікті сүт ішетін адамдар өзгелерге қарағанда мықты болады екен. Бұл сүттегі ақуызға байланысты. Соңғы жүргізілген ғылыми зерттеулер де ақуызды коктейлдің  өте пайдалылығын дәлелдеген. Қан қысымы жоғары 38 адамға жасалған сынақ барысында олар сарыуыздан жасалған коктейлді күніне екі стаканнан сегіз ай бойына ішкен. Бұл үшін «емделушілер» базарда су қосылған коктейіл мен арнайы жасалған ақуызды пайдаланған.  Екінші ішкен коктейл пайдалы болып шыққан. Оны ішкендер бір аптада қан қысымы төмендегенін, холестерин мен триацилглицериндер қалпына келгенін бай қаған. Соынемн қатар жүрек қан-тамырлары мен буын дертіне де
пайдалы.