Негізгі бет  /  мақалалар  /  70 жаста мектеп оқушысы атанды

70 жаста мектеп оқушысы атанды

Айқын-ақпарат
836
70 жаста мектеп оқушысы атанды Австралиялық 70 жастағы қарт 12-сыныпқа түсу үшін емтихан тапсырды.

Джоан Оливер өткен ғасырдың ортасында мектепті тәмамдамай тастап кеткен. Оған анасының қарсылығы себеп болған көрінеді.

Зейнеткер аяқсыз қалған білімін кеш те болса жалғастыруға мүмкіндік алғанына дән риза.

«Өткен ғасырдың 50-ші жылдарымен салыстырғанда қазір көп жағдай өзгерді. Оқуды жалғастыру ешқашан кеш емес. Барыңыздар, оқыңыздар, көріңіздер, сіздерге ұнайды», - дейді Джоан Оливер.

Life.ru агенттігінің мәліметінше, қарт оқушы мұнымен тоқтап қалмай, болашақта университетке түсіп, заңгер мамандығын алып шықпақ.

Baq.kz