Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Нұр Отан» партиясы: жасампаздық пен жанашырлық

«Нұр Отан» партиясы: жасампаздық пен жанашырлық

Айқын-ақпарат
1288
«Нұр Отан» партиясы:  жасампаздық пен жанашырлық Мемлекет қаражаты мақсатты игерілуде

Алматы облысындағы іргелі өңір – Іле ауданында жылдан-жылға оқушы саны артып отырады. Соған сай аудандағы үш ауысымда оқытатын мектептер санын азайту мәселесі де өзінің өзектілігімен ерекшеленеді.

Осы орайда «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық комиссия мәселені назардан тыс қалдырған емес.

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының тө­ра­ғасы Н.Назарбаев 2015 жылғы 8 та­мыз­дағы өткен Саяси кеңес бюросының оты­рысында «Нұрлы жол» инфрақұры­лым­ды дамытудың 2015-2019 жылдарына ар­налған мемлекеттік бағдарламасының іс­ке асырылуына тиімді бақылауды қам­тамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар бер­ген болатын. Осыған орай Алматы об­­лысы  Іле ауданы бойынша аталған мем­лекеттік бағдарламаның орын­далуына, оның ішінде білім саласындағы мәселелерді шешуге қатысты мін­дет­теме­лер­дің жүзеге асырылуына Ұлттық қор­дан қарастырылған және бюджеттен бө­лінген қаражаттың мақсатты және тиім­ді жұмсалуына бақылау жасау бойын­ша ауқымды шаралар атқарылып ке­леді. 
Қазан айының соңғы күні аудандық де­путаттық фракция жанындағы әлеу­меттік инфрақұрылымдарды дамыту жө­ніндегі комиссия төрайымы Г.Ерубаева бас­таған комиссия мүшелері «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша биыл са­лы­нып, пайдалануға берілген Боралдай кен­тіндегі №40 орта мектептің ғимаратының бү­гінгі жағдайымен танысып, құрылыс жұмысының сапалылығын анықтау мақ­сатында рейдке шықты.  
Рейд барысында комиссия мүшелері Бо­ралдай ауылындағы 600 орындық мек­теп құрылысына барлығы 1 млрд 517,9 млн теңге бөлініп, толығымен иге­ріл­ген­дігіне, оқушылардың сапалы білім алуы үшін мектептің соңғы үлгідегі заманауи тех­нологиялық құрал-жабдықтармен то­лық жабдықталғанына көз жеткізді. Мек­теп басшысы мен оның ұжымына жа­салған жағдайға сай еңбек етіп, балаларға са­палы білім, саналы тәрбие беруде жақ­сы жақтарынан көрінуге тілектестіктерін білдірді. 
Биылғы жылғы жағдайға үңілсек, об­лыс­та 1 апатты жағдайдағы білім ошағы жә­не үш ауысымда оқытатын 49 мектеп, төрт ауысымда білім беретін 2 мектеп бар. Өткен жылы жағдай мұнан да күрделі бо­латын. Жылдар бойы қордаланған мә­селенің күрмеуін тарқату мақсатында 43 мектеп салу қажеттілігі анықталып, 2015-2017 жылдарға жоспар жасалған. Жоспар бойын­ша жұмыстар жүйелі түрде жүріп жа­тыр. Былтыр 5960 орындық 16 мектеп пай­далануға берілсе, биыл Ұлттық қор есебінен 3900 орындық 7 мектеп са­лын­ған. Сонымен қатар Ұлттық қордан қа­растырылған қаржыға 2017 жылы 14550 орындық 21 мектеп тұрғызылатын болса, жер­гілікті бюджет есебінен 7 мектеп салы­нады. Егер ойға алынғандар толы­ғы­мен орындалса, 2018 жылға қарай облыста үш ауысымда оқитын және апатты мектеп мәселесі толығымен шешіледі. 

Болат АБАҒАН, 
Алматы облысы