Негізгі бет  /  мақалалар  /  Оқушылар Тәуелсіздікке тарту жасады

Оқушылар Тәуелсіздікке тарту жасады

Айқын-ақпарат
872
Оқушылар Тәуелсіздікке тарту жасады

«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы мен Шымкент қаласындағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Ж.Шанин атындағы драма театрында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік санамның мәңгі шырағы,Ы.Алтынсарин тағлымы – ілім-білім тұмары» тақырыбында салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Ағартушы Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл­ды­ғымен қоса аталған мектептің 25 жылдығы ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесіне тұспа-тұс келіп отыр. Осынау айтулы күн­дерге арналған салтанатты шарада оқушылардың шы­ғармашылығынан туындаған қолөнер бұйымдар және ғы­лыми жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылған. Мерейлі ме­рекеге жиналған 500-ге жуық ата-ана мен қонақтар осынау көр­мені тамашалап, балалардың қолтаңбасына тәнті болды. 
Мектеп директоры Қатира Қадырбаева мұнда 3688 оқу­шы білім алып жатқанын атап өтті. – Біздің мектеп-гимназия оқу­шыларының көпшілігі түрлі үйірмелер мен спорттық сек­цияларға тартылған. Бүгін біз балаларымыздың өнерімен сіз­дерді таныстырып отырмыз. Сонымен қатар мектебіміз бі­лім беру сапасы бойынша да алдынғы орында келеді. Өткен жылы 161 оқушы осы мектептен түлеп ұшты. Оның 8-і «Ал­тын белгі» иегері болса, 6-уы «Үздік аттестат» алды. 3 оқушы ха­лықаралық ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары ре­тінде ҰБТ-дан босатылған. Биылғы оқу жылының көр­сеткіштері бұдан да жоғары болады деген сенімдеміз, – деді мектеп директоры.
Іс-шара барысында партиялықтар сөз алып, оқушылар мен ата-аналарға ыстық лебізін білдірді. Облысымыздан шық­қан алғашқы әйел-сенатор Сайлаукүл Барақова бұл іс-ша­раның жоғары деңгейде өтіп жатқанын айта келіп, ақ­па­раттық-насихаттық топтардың, мектеп ұжымының және де партияның келешек ұрпақ тәрбиесінде қосар үлесінің зор екен­дігін тілге тиек етті. – «Нұр Отан» партиясының сай­лауал­ды бағдарламасында білім беру саласына айрықша на­зар аударылған. Үздік әлемдік стандарттарға жету үшін бір­неше бағыт аясында ауқымды жоспар белгіленген. Осы мақ­сатта біз сіздермен бірлесе отырып, нәтижелі жұмыс ат­қаруға бар күшімізді саламыз, – деді ол. 
Іс-шара барысында қонақтар мектеп оқушыларының орын­дауындағы «Балбырауын» биін, «Тәуелсіздік санамның мәң­гі шырағы» атты сахналық көріністі тамашалап, патриот­тық әндерді тыңдады.
Назгүл НАЗАРБЕКОВА, 
Оңтүстік Қазақстан облысы