Негізгі бет  /  мақалалар  /  35 түп шырша отырғызылды

35 түп шырша отырғызылды

Айқын-ақпарат
825
35 түп шырша отырғызылды KEGOС акционерлік қоғамы «Сарбай» жүйеаралық электр тораптары бастауыш партия ұйымының жиналысы болып өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов қатысты.

Осынау есептік-сайлау жиналысында бас­тауыш партия ұйымының төрағасы 
Ал­мас Сарбаев өздеріндегі атқарылған жұ­мыс­тарға тоқтала келіп, партия мүшелері өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен қа­ра­ғандықтарын баяндады. 
– Біз партияның рөлін терең түсінеміз. Сон­дықтан да барша қызметкерлеріміздің ұйым­шылдық көрсетуінің арқасында, жер­гілікті жердегі партия мүшелерінің қатары ар­тып келеді, – деді Алмас Сарбаев.
Бұл күндері мұнда партиялық жобалар бел­сенді түрде жүзеге асырылуда. Мә­селен, «Ар­дагерлерді ардақтайық» жоба­сының ая­сында, Қарттар күні мерекесіне орай жыл сайын партия мүшелері Ұлы Отан со­ғысы ардагерлеріне, интернацио­налист-жауын­герлерге, Чернобыль апа­тына қа­тысушыларға көмек көрсетіп ке­­леді.
Жоғарыда аталған орында еңбек арда­гер­­лері тұрақты назарда. Мұнда аға-буын өкілдері көптеген іс-шараларға бел­сене қатысады және өздерінің бай тә­­­­­жірибелерін жастарға үйретуден жа­лық­пайды. 
Мысалы, зейнеткер Виктория Ва­си­льев­­на Киркач бұл күндері 73 жаста. Оның же­ке бастамасымен ағаш отырғызу ак­ция­сы өткізілді. Онда 35 түп көгілдір шырша отыр­ғызылды. Сондай-ақ ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Г.Мазуренко да жақсы іс­терімен көпке ұйытқы болып жүр. 
Сонымен қатар «Кедергісіз келешек» пар­тиялық жобасы аясында бастауыш партия ұйымы мүмкіндігі шектеулі жан­дардың жұмысқа орналасуына қолдау көр­сетеді. Мәселен, 3-топ мүгедектері, яғни, екі адамның талап-тілектері қанағат­тан­дырылды. Бұл да болса ұжымның жұртшы­лыққа деген нақты қамқорлығының бір кө­рі­нісі емес пе? 
Есеп берген бастауыш партия ұйымы ал­дағы уақытта да партиялық жобаларды жүзеге асырып, өздерінің қатарын тәуелсіз елі­міздің нағыз патриоттарымен толықтыра беретін болады. 
Осынау басқосуда бастауыш партия ұйы­мының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының конференциясына қатысатын делегаттар сайланды. Сондай-ақ партия мүшелері қалалық және аймақ­тық партиялық кадрлық резервіне үміт­керлер ретінде ұсынылды.

Оразалы ЖАҚСАНОВ 
Қостанай облысы