Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бағалар бақылауда болса...

Бағалар бақылауда болса...

Айқын-ақпарат
916
Бағалар бақылауда болса... «Нұр Отан» партиясының Түпқараған ауданындағы филиалында «Айқын тариф» партиялық жобасының тұжырымдамасын іске асыру бойынша тұрғындармен кездесу өтті.

Шараға қатысқан «Тұрғын үй комму­нал­дық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» МКК бөлімінің бас­шысы Ж.Қайнарбаев, «Түпқараған су жүйе­сі» МКК бөлімінің басшысы А.Ама­на­фесов, «Қаз Трансч Газ Аймақ» ЖШС ди­рек­тордың міндетін атқарушы А.Ақшолақов, «Түпқараған электр жүйесі» МКК бөлім басшысы Е.Жаңбырбаев тұрғындардың өкпе-назын тыңдады. 
Тұрғындар күнделікті қолданатын жарық пен газ тарифі бағасының шарықтап бара жат­қанына реніштерін білдіріп, партия­лық­тарға бағаны ауыздықтауға қатысты өтініш айтты. Бүгінгі таңда коммунальдық төлем­дер­дің бағасының екі есеге көтеріліп кеткені қарапайым халықтың қалтасына едәуір сал­мақ салып отырғандығын алға тартты. 
– Күн санап халық тұтынатын жарық пен газдың бағасы көтеріліп барады. Бірінші топтағы мүгедекпін. Әлеуметтік жағ­дайы­мыз төмен. Тапқан табысымыз күн­делікті тұты­на­тын азық-түліктен ауыспайды. Сон­дықтан да партиялықтарға бағаларды ба­қылауға алу­ға қатысты ұсынысымды айт­тым, – дейді ауыл тұрғыны Айтқали Текеев.

Венера МИРЛАН,
Маңғыстау облысы