Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артуда

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артуда

Айқын-ақпарат
948
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артуда «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті.

Жиынға жетекшілік жасаған облыс­тық мәслихат депутаты Дина Галимет­ди­нова­н­ың сөзіне қарағанда, мемлекеттік қыз­мет көрсету сапасының деңгейі елдің әлеу­меттік-экономикалық  даму көр­сет­кіш­терінің бірі. Мемлекеттік қызметтерге ин­новациялық  және тиімді стандарт­тар­ды енгізуі мерзімдер мен құжаттарды қыс­қартуға, мемлекеттік қызмет көрсе­ту­дің ашықтығын қамтамасыз етуге ба­ғыт­талған.
Жиын барысында комиссия мүшелері об­лыстық халыққа қызмет көрсету орта­лы­ғы директорының орынбасары Нұр­ғиса Камашевті тыңдады. Оның ай­туын­ша, биыл 8 сәуірден бас­тап Мемлекет бас­­шысының тапсыр­ма­сымен ХҚКО, жыл­жымайтын мүлік ор­талығы, зей­не­тақы төлеу жөніндегі мем­лекеттік ор­талық, жер кадастрының ғы­лыми-өн­дірістік орталығы секілді төрт мем­­лекет-
тік кәсіпорынды біріктіру ар­қылы «Аза­маттарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы құрылды. Бү­гінде мем­ле­кеттік қызмет тізілімінде 738 мемлекеттік қызмет түрі бар, оның 530-ын элек­трон­дық үкімет және мем­ле­кеттік корпорация арқылы алуға болады. 
– Мемлекеттік қызмет көрсетумен об­лыс бойынша 12 аудандық және 2 қа­лалық бөлім қызмет атқарады. Шалғай жат­қан ауылдық округтерде әлеуметтік мем­лекеттік қызметтерді көрсету үшін ба­рынша жағдай жасалған. Халыққа ың­ғайлы болу үшін ірі аудандарда төрт сек­тор жұмыс iстеуде. Олар Зеленов ауда­нын­дағы «Даринск» секторы, Ақжайық ау­данындағы «Тайпақ» секторы, Қаз­та­лов ауданындағы «Жалпақпал» секторы жә­не Теректі ауданындағы «Еңбек» сек­торы. Барлық мемлекеттік қызмет түр­лері электрондық жүйеге ауыстырылуда. Нақтылап айтқанда, қазіргі таңда қыз­меттердің 60 пайызы электрондық жүйе­ге ауысты, – деді Нұрғиса Мәлікұлы. 

Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ,
Батыс Қазақстан облысы