Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қызметінен кетті

Қызметінен кетті

Айқын-ақпарат
656
Қызметінен кетті Алматы облысының Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ауысты. Сонымен қатар, екі қызметкердің жұмыстан босатылғаны белгілі болды.


- Алматы облыстық ІІД басшысының бұйрығымен 2016 жылдың 13 қазанында тергеу жөніндегі Жамбыл аудандық ІІБ басшысы мен кезекші бөлімнің басшысы жұмыстағы түрлі кемшіліктеріне байланысты қызметінен босатылды, - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев редакция жолдаған сауалға берген жауабында.
Сондай-ақ, Жамбыл аудандық ІІБ басшысының 3 қазаннан бері ауруханада жатқаны белгілі болды.
- Жамбыл аудандық ІІБ басшысының ауруханада ем алып жатуына байланысты Алматы облыстық ІІД басшысының бұйрығымен 3 қазаннан бастап бұл қызметке уақытша полиция подполковнигі Махатов М.М. тағайындалды", - делінген ҚР ІІМ өкілдері берген жауапта.
Tengrinews.kz