Негізгі бет  /  мақалалар  /  Суицид оқиғалары азайды

Суицид оқиғалары азайды

Айқын-ақпарат
818
Суицид оқиғалары азайды Бүгінгі күнге дейін облыс орталығындағы үш бірдей медициналық мекеме қоныс тойын тойлады.

 Бұған дейін бұрынғы балабақша ғимаратында орналасып келген паллиативті көмек ауруханасы, балалардың психологиялық денсаулығы орталығы және облыстық дағдарыс орталығы кең әрі жайлы орынға көшті. Мекемелердің тиімді жұмысының арқасында суицид оқиғалары азайып жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, Павлодар облысының әкімі аталған медицина мекемелеріне жаңа орын беруді бұдан төрт ай бұрын уәде еткен еді. Бұған дейін Жаяу Мұса көшесінде орналасқан бұрынғы балабақшаның ғимаратында қысылып келген медициналық орталықтар кең әрі жайлы орынға көшірілді. Салтанатты шара барысында облыс әкімі Болат Бақауов паллиативті көмек ауруханасының ұжымына жедел жәрдем көлігінің кілтін сыйлады. Жаңа орындағы ауруханада жатын орындары 15-тен 30-ға дейін артып, балаларға арналған бір палата пайда болды. Мекеме қызметкерлері жаңа орында жұмыс істеу олар үшін өте ыңғайлы екендігін атап өтті.
Аймақ басшысы облыстық дағдарыс орталығының қызметшілерімен де сұхбаттасты. Психоневрологиялық диспансердің бас дәрігері Қаған Иманбековтің айтуынша, орталық жұмыс істеп жатқан екі жыл ішінде психологиялық көмек қызметіне 14849 адам жүгінген. Олардың 1445-і жасөспірімдер.
- Орталық жұмысын бастағаннан бері жасөспірімдердің арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері екі есе азайды. Егер 2013 жылы 61 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсағысы келсе, 2016 жылы олардың саны 33-ке азайды. Мектептер мен медициналық орталықтарда жұмыс істейтін психологтардың жалпы біліктілік деңгейі көтеріліп келеді,  дейді бас дәрігер.
Балалардың психологиялық денсаулығы орталығының персоналы да әріптестерін құптап отыр. Қазір орталықта балалардың жүйке-психикалық ауытқушылықтарын анықтап, емдеу үшін қажетті диспансерлік бөлімше, 50 жатын орынға арналған күндізгі стационар, 10 жатын орынға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін стационар бар. Дәрігерлердің айтуынша, стационарды оларды ауыстыратын жедел көмек түріне ауыстыру психикалық дамуындағы ерекшеліктері бар балалардың бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.
Айта кетейік, дағдарыс орталығына тәулік бойы жұмыс істейтін 8 (7182) 341313, 88000803434 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады. Аталған орталық  республикамыздағы бірегей орталық.

 

Ермек ЕЛЕМЕСОВ
 

Bnews.kz