Негізгі бет  /  мақалалар  /  Балалар не жұтып жүр?

Балалар не жұтып жүр?

Жолдасбек Дуанабай
1013
Балалар не жұтып жүр? Біз әлемде қанша бала барын нақты білмейміз.

Алайда солардың әрқайсысының тағдыры әртүрлі. Миллиондаған бала аштық пен соғыстың зардабын тартып жатыр. Одан қала берсе, табиғат апатынан да миллиондаған бала зардап шегуде. 
Мысалы қазіргі уақытта шамамен 300 млн бала (әлемдегі әрбір жетінші бала) ауа райы өте лас аумақтарда тұрады. Бұл туралы БҰҰ жанындағы Балалар қорының ресми сайты хабарлады. 
«Бүгінде әлемде 300 млн бала улы газы мөлшерден тыс аумақтарды мекендейді», - деп мәлімдеді ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры  Энтони Лейк. 
Шамамен екі млрд бала таза ауаға зәру. Қазір солар тұратын аумақтардағы ауа тазалығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген сапа белгісіне тіпті сай келмейді. Одан тыс миллиондаған лас ауаны үйде отырып-ақ жұтады. «Лас ауаның кесірінен жылына бас жасқа дейінгі 600 мың бала өлім құшады. Келешекте бұл құбылыс өзгермейді және өлім деректері көбеюі мүмкін», - деп хабарлайды ЮНИСЕФ басшысы.