Негізгі бет  /  мақалалар  /  Сегіз террорист түрмеден қашып кетті

Сегіз террорист түрмеден қашып кетті

Айқын-ақпарат
856
Сегіз террорист түрмеден қашып кетті Үндістанның Мадхья-Прадеш штатына қарасты Бхопал қаласында сегіз лаңкес түрмеден қашып кетті.

Қашқындар елде тыйым салынған «Үндістан студенттерінің ислам қозғалысы» (SIMI) лаңкестік тобының белсенді мүшелері.

Бхопалдың орталық абақтысында жазасын өтеп жатқандар дүйсенбіге қараған түні қашып кетті. Лаңкестер арам пиғылын Дивали мерекесінде іске асырған. Олар күзетшіні өлтіріп, төсек жайманың көмегімен дуалдан секіріп өтіп кеткен.

SIMI тобы 1977 жылы «Джамаат-и-Ислами Хинд» тобының студенттер қанаты ретінде құрылған болатын. Лаңкестік топ «біздің мақсатымыз –Үндістан мұсылмандарын батыстың ықпалынан «құтқару» деп санайды. Ел үкіметі аталған топты террористік деп танып, 2001 жылы тыйым салды.

 

Baq.kz