Негізгі бет  /  мақалалар  /  Трамптың Ресеймен байланысы бары ақиқат па?

Трамптың Ресеймен байланысы бары ақиқат па?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
880
Трамптың Ресеймен байланысы бары ақиқат па? АҚШ-та президенттік сайлау додасы қызып тұр. Қазіргі таңда екі кандидатқа қатысты неше түрлі қауесет пен өсек -аяң көбейе түсуде.

 АҚШ Федералдық тергеу бюросының басшысы өткен аптаның соңында Демократиялық партияның атынан ұсынылып жатқан Хиллари Клитонға қатысты тергеу жұмыстары қайтадан басталатынын мәлім етті. Мемлекеттік хатшы кезінде өзінің жеке электрондық поштасында мемлекетке қатысы бар құпия тапсырмаларды жария етіп жіберген Клинтонға қатысты іс жабылғаны белгілі. Енді президенттік сайлауға бір апта қалғанда іс қайта ашылады -мыс. Қысқасы, екі үміткерге байланысты  байбалам тоқтамай тұр. Кеше демократтардың сенаттағы лидері Гарри Рид Республикалық партияның атынан ұсынылып жатқан Дональд Трампқа қатысты тағы бір мәлімдеме жасады. Оның ойынша, Трамптың Ресеймен жасырын байланысы бар, сондықтан  барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып оның ісін  тексеру қажет. 
Осыған байланысты ФБР басшысы Джеймс Комиге хат жолдаған сенатор «Дональд Трамп ресейліктер туралы  жағымды сөзін бекер айтып жүрген жоқ, АҚШ пен әлемнің жауы болып отырған ресми Мәскеуге жылы қабақ танытудың керегі шамалы. Бүкіл әлем, қоғам ендеше Дональд Трамптың қандай адам екенін білуі тиіс» , -деді ол. 
АҚШ-тағы Сенаттағы демократиялық партияның басшысы «бұл ақпарат америкалықтар үшін маңызды, бірақ Трамптың әрекетінен қорықпау керек,  Трамптың Ресей жайлы жылы пікірлері АҚШ-тың мүддесіне ешқандай қауіп төндірмейді», -деді.
Сонымен қатар, «Хиллари Клионтнға қатысты қайта басталған тергеу ісі заңға қайшы, ал ФБР басшысы осы әрекеті арқылы республикалық партияны жасырын қолдап отыр», -  деді демократтардың сенаттағы лидері Гарри Рид.