Негізгі бет  /  мақалалар  /  1,1 трлн болатын 274 жоба бар

1,1 трлн болатын 274 жоба бар

Айқын-ақпарат
971
1,1 трлн болатын 274 жоба бар Қазақстанда 1,1 трлн теңге болатын 274 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҰЭМ «Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Шолпан Сапарғали мәлім етті.

- Бір қуантарлығы, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі механизміне соңғы кездері қызығушылық арта бастады. Салыстырмалы деректі ұсыналық: егер ағымдағы жылдың ақпан айында әр түрлі дайындықтағы 102 жоба ұсынылса, ал қазан айында құны 1,1 трлн теңге болатын 274 жоба, нақтыласақ оның 253-і аймақтық, 21 республикалық дәрежедегі жоба дайындалу үстіндеі, - деді Шолпан Сапарғали.
Сондай-ақ, бұл жобалар негізінен мектепке дейінгі мекеме, емхана, дәрігерлік амбулатория, спорт және мәдениет нысандары секілді еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында сеп болатын нысандарды қамтиды.
Ал ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақтөбе облысында 3, Солтүстік Қазақстан облысында 1 жоба бойынша келісім жасалғаны туралы, брифинг барысында айтылды.
Анықтама үшін: Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев  2015 жылдың 31 қазан айында «Мемлекеттік - жекешелік әріптестік» туралы Заңға қол қойды. «Мемлекетік-жекешелік әріптестік» туралы Заң еліміздегі экономикалық салада қолданылады және де инвесторлармен жаңа келісім (қызметтік, инфраструктуралық келісім т.б) жасауға құқық береді. Одан өзге бұл заң жобаға қатысушылар қатарын (ұлттық компаниялар, холдингтер, мемлекеттік кәсіпорындар, жеке қаржы ұйымдары) едеуір көбейте алды
www.strategy2050.kz