Негізгі бет  /  мақалалар  /  Құпия ашыла бастады

Құпия ашыла бастады

Жолдасбек Дуанабай
1347
Құпия ашыла бастады Қартайғанда қабаққа кірбің түсе беретіні анық. Әсіресе жүрек талмасы қарт адам үшін қауіпті. Ал, бұдан құтылудың жолы бар ма? Жүрек талмасын алдын алудың қарекеті қандай?

Ғалымдар қариялардың да қауіпсіз өмір сүруін зерттей келе, оларға күнде дене жаттығуларын жасау керектігін құлаққағыс жасайды. Бұл туралы канадалық кардиологтар Journal of Cardiopulmonary Rehabilitation and Prevention басылымына арнайы мақала жариялады.
«Бұл - жүрегі ауыратын жандар үшін жағымды жаңалық. Дерті бар жандар тұрақты түрде аэробикмен, басқа да дене жаттығуларымен айналысып, үнемі қимылдау керек. Тіпті аз ғана дене жаттығуы инсульт пен инфаркке қарсы тұра алады», - дейді Монреал университетінің профессоры Дэниел Курнье.
Оқымыстылар инсульт, жүректің ишемия дерті, қан тамырының жетімсіздігімен ауырған 200 қарт ер адам мен 40 әйелді зерттеп, оларды күнделікті дене жаттығуларымен айналыстырған. Нәтижесінде денесін шынықтырғандар тосыннан келетін дертке төзімді бола түскен. Өйткені жүрек дертімен ауруханаға түскендердің дені спортпен мүлде айналыспайды екен. Бұл олардың денсаулығына кері әсер еткен. Сондықтан әр азамат аптасына кемі 150 минутын жаттығуларға арнағаны дұрыс.