Негізгі бет  /  мақалалар  /  Австриядағы мектептен радиоактивті уран табылды

Австриядағы мектептен радиоактивті уран табылды

Айқын-ақпарат
1021
Австриядағы мектептен радиоактивті уран табылды Австрияда мектептегі тастың сынығы радиоактивті уран болып шықты.

Ядролық реакторда пайдаланылатын металл - уранның білім ордасында тұрғаны кездейсоқ анықталған. Мектептегілер эвакуацияланып, елдегі басқа мектептер тексеріле бастады.

Қауіпті тасты антиядролық науқанның белсендісі Томас Нефф тапты. Ол Зальцбургтегі мектептің бірінде дәріс оқыған. Белсенді балаларға радиацияның қауіптілігін түсіндіру үшін 60 жылдардағы ескі сағатты  көрсеткен. Оның тіліне шамалы мөлшерде радия қолданылғандықтан қараңғыда сәулеленетін, деп жазады британдық Metro басылымы.

Томас Гейгер есептеуішін алып шығып сағаттың радиация деңгейін өлшегенде, құрылғы оның мөлшерден 20 есе артық екенін көрсеткен. Ол сыныпты аралап жүріп сол жердегі қалыпты мөлшерді көрсетпек болғанда  есептеуіш минутына 102 000 импульс жасаған. Бұл сағаттың радиациясынан 85 есе көп. Томас дәрісін тоқтатып, мектептегілерді сыртқа шығуға шақырған.

Оқыс оқиға салдарынан Зальцбургтегі барлық мектеп тексерілді. Оның 11-індегі геологиялық жинақтардан 38 уранның сынығы табылды.

Қазақпарат