Негізгі бет  /  мақалалар  /  Түркіменстанда президенттік дода басталды

Түркіменстанда президенттік дода басталды

Айнұр Қазыкенова
1045
Түркіменстанда президенттік дода басталды Орта Азия Республикаларында бірінен кейін бірі президенттік сайлау өтпек.

Мәселен, Өзбекстан президенті  Ислам  Кәрімов  қайтыс  болғанына байланысты  бұл елде  кезектен  тыс  президент  сайлауы  желтоқсанда  өтсе, Түркіменстанда  алдағы  жылдың  ақпан айында  өтпек. Бір айта кетер жайт, Түркіменстанда  бәрі дін-аман. Ешкім  ешқайда «кеткен жоқ». Бұл заң аясындағы  кезекті  сайлау  болып  табылмақ.   Бірақ сайлауалды  үгіт-насихат кешеден  басталып  кетті. Додаға кімдер түспек? Әрине  бүгінгі  президент Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов  үшінші мәрте  (президенттік  мерзім  7  жылдан) сайлауға түсуге  даяр.  Тіпті  сайлауда  жеңіске  жететін кім  болатыны да  күні бұрын  шешіліп қойғаны  белгілі.  Ол әрине  ­- Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов.  Сайлауға  үш партиядан (Түркіменстан  демократиялық партиясы, Өнеркәсіпшілер  мен кәсіпкерлер  және Аграрлық партия)  үш адам  түспек.  Бір  белгілі  жайт,  үш  партиядан түсетін үш үміткерде  де жай  қара көбейту  үшін , «сайлау демократиялы  өтті»  деп  өзге  жұртқа көрсету  үшін  жасалып  жатқан  бет перде екені  анық. Себебі,  Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов  билікке  2007  келгенмен осы аралықта  екі мәрте  (2008  және 2016 ж.ж)  конститутцияны  өзгертіп, өзіне сай етіп  жасады. Тіпті  соңғысында  Бердімұхамедовке  үшінші мәрте  сайлауға   рұхсат етілген.