Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әшіров алтын алды

Әшіров алтын алды

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
761
Әшіров алтын алды Түркияның Чорум қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан студенттер арасындағы әлем біріншілігінің алғашқы күні-ақ Қазақстанның әнұраны шырқалды.

Жарысты еркін күрес шеберлері бастады. 65 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған танымал балуан Мейіржан Әшіровке тең келер ешкім табылмады. Жамбыл облысының тумасы бастапқы бәсекелердің барлығында басымдық танытып, ақтық сында Молдованың өкілін 10:7 есебімен ұтты. Анадолы еліндегі Мейіржанның жеңісті жолын өзге жерлестеріміз жалғастырады деп үміттенеміз. Өйткені, алдағы күндері тағы бірнеше салмақ дәрежелері бойынша түрлі-түсті жүлделер сарапқа салынады. Еркін күрес сайысында Тимур Айтқұлов (61 келі), Мейіржан Әшіров (65 келі), Азат Сақаев (70 келі), Болат Сақаев (74 келі), Әділет Давлумбаев (86 келі) және Бақдәулет Әлментай (97 келі) өнер көрсетуде.

Келесі күні жарыс жолына грек-рим күресі шеберлері шығады. Бұл бәсекеде Ернұр Фидахметов (59 келі), Демеу Жадыраев (71 келі) және Антон Савенко (130 келі) ел намысын қорғайды. Сонымен қатар әйелдер күресінен де белдесулер өтеді.