Негізгі бет  /  мақалалар  /  100 миллион теңге шығын келтірді

100 миллион теңге шығын келтірді

Айқын-ақпарат
1004
100 миллион теңге шығын келтірді Талдықорғанда жәбірленушілерге 100 млн теңгеден астам шығын келтірді деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

1986 жылғы Дина Ысқакованың алаяқтық әрекетіне тап болған 30 адам қазір сотқа шағымданып отыр. 
Алматы облыстық Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері 30 жастағы әйелді тамыз айында ұстады. Қазір ҚР ҚК 190 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 
Дина Искакова көпшілікке «мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алып беремін» деп, уәдені үйіп-төгіп алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталып отыр. Қазір ІІД өкілдері аталған тұрғынның өзге де қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы анықтап жатыр.
Алматы облыстық ІІД 1986 жылғы Дина Искакованың алаяқтық әрекетіне тап болып, жапа шеккендер болса осы нөмірге хабарласуын сұрайды. 8-7282 608245, 608846, 608007 немесе 102.