Негізгі бет  /  мақалалар  /  Шариғатта қандай жағдайда өтірік айтуға рұқсат етіледі?

Шариғатта қандай жағдайда өтірік айтуға рұқсат етіледі?

Айқын-ақпарат
840
Шариғатта қандай жағдайда өтірік айтуға рұқсат етіледі? «Өтірікші жамандыққа бастайды, ал жамандық тозаққа бастайды». Пайғамбарымыздың (с.а.у.) осы сөзінен-ақ өтірік айту күнә екенін аңғаруға болады. Дегенмен шариғатта кей жағдайларда өтірік айтуға рұқсат етіледі.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қызы Үмму Гүлсім (р.а) жеткізген хадисте: «Мен Пайғамбарымыздан (с.а.у.) өтірік айтуды үш жерден артық рұқсат бергенін естімедім деген:

- Бір адам екі жақты жарастыру мақсатымен айтса (яғни келіспей қалған екі тарапты);

- Бір адам соғыс кезінде (айла үшін) айтса;

- Күйеуі әйелімен сөйлескен кезде және әйелі күйеуімен тілдескен кезде». (Мүслім)

Ерлі-зайыптылар арадағы көркем қатынасты сақтау үшін өтірік айтса болады. Ал одан басқа ниет көзделсе, онда өтіріктің қай түрі болмасын – харам.

Өтірік айтуға рұқсат етілетін жағдайларға ұқсас орындар:

- Өлтірмекші болған залым адамнан мұсылман жасырынып қалса, жасыру мақсатында өтірік айту міндет болады.

- Бір адам мұсылманның мал-мүлкін қақысыз тартып алмақшы болса, жоқ екенін айтып құтылуға болады.

- Бір адам біреудің қандай күнә жасағанын сұраса, одан бас тарту керек. Өйткені, бір істің ашылуы екінші бір іске жол ашады. Ал, Алла Тағала біреудің айыбын жасырушыларды жақсы көреді.

- Бауырының абыройын қорлау үшін біреу сырын айтып беруді өтінсе, қайтару керек.

https://baq.kz/kk/news/kogam/sharigatta_kandai_zhagdaida_otirik_aituga_ruksat_etiledi20161027_114300