Негізгі бет  /  мақалалар  /  Күміс жүлдесі қайтарып алынады

Күміс жүлдесі қайтарып алынады

Айқын-ақпарат
734
 Күміс жүлдесі қайтарып алынады Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылғы Олимпиада ойындарының допинг сынамаларын қайта тексергеннен кейін тоғыз спортшының жетістігін жоққа шығарды. Бұл туралы ҚОК баспасөз қызметі хабарлады.

Спортшылардың жаңа тізімінде еркін күрестен 84-96 салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер Қазақстан спортшысы Таймураз Тигиев те бар.
ХОК-тың тәртіптік комиссиясының құрамына Денис Освальд (төраға), Гунилла Линдберг мен Угур Эрденер кірді. Комиссия Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне күміс жүлдені, дипломды және Олимпиада спортшысының төс белгісін қайтарып беруін қамтамасыз ету жөніндегі шешім шығарды. 
Тізімде бес медаль иегері атап көрсетілген, олар: ресейлік желаяқ Екатерина Волкова (қола медаль), Өзбекстаннан еркін күрестен Сослан Тигиев (күміс медаль), Украина ауыр атлетшісі Ольга Корбка (күміс жүлде), Беларусь спортшылары Анастасия Новикова (қола) мен Андрей Рыбаковлар (күміс).

Жалпы алғанда ХОК-тың екі мәрте тексеру қорытындысы бойынша 2008-2012 жылғы Олимпиадаға қатысқан 98 спортшының сынамасынан тыйым салынған заттар табылды. Соның ішінде екінші мәрте тексеру кезінде 23 жүлдегердің тесті қорытындысы бойынша нәтиже таза болмай шықты.

Қазақпарат