Негізгі бет  /  мақалалар  /  Микаса ханзада 101 жасында дүние салды

Микаса ханзада 101 жасында дүние салды

Айқын-ақпарат
845
Микаса ханзада 101 жасында дүние салды Жапония императоры Акихитоның немере ағасы, Микаса ханзада 101 жасында дүниеден өтті, деп хабарлады Киодо агенттігі.

2012 жылы Микаса ханзаданың жүрегіне ота жасалды. Микаса ханзада 1915 жылы 2 желтоқсанда туған және ол Тайсе дәуірі императорының төртінші ұлы болды. Оның ағасы Хирохито Сёва дәуірінде (1926 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 7 қаңтарына дейін) Жапонияны басқарды. Ханзада мен оның жұбайы Юрико үш ұл мен екі қыз өсірді. Микаса Шығыс тарихы маманы және Жапония Таяу Шығыс мәдениеті орталығы мен «Жапония-Түркия» қоғамының құрметті президенті ретінде танымал. Микаса ханзада жапон императорларының Хризантема тағына үміткерлер арасында бесінші орында болған. 

Қазақпарат