Негізгі бет  /  мақалалар  /  Toyota 1 млн-нан астам көлікті кері қайтарады

Toyota 1 млн-нан астам көлікті кері қайтарады

Айқын-ақпарат
896
Toyota 1 млн-нан астам көлікті кері қайтарады Жапонияда Toyota компаниясы Takata қауіпсіздік қапшығының кінәратына байланысты 1,15 млн автомобильді кері қайтарады, деп хабарлайды euronews.com.

Бағдарлама 2000 жылдың тамызынан бастап 2011 жылдың желтоқсанына дейін шыққан 19 көлік моделін қамтиды. Олардың қатарында Corolla седаны мен универсалы, Vitz шағын көлемді көлігі, Noah минивэні бар. 
Осы қауіпсіздік қапшығының мәселесі бойынша немістің Volkswagen концерні жапондық нарықтағы 190 мыңнан астам машинаны кері қайтармақ.

Еске сала кетсек, Жапонияның Takata компаниясы екі жыл бұрын дауға қалған болатын. Олар шығарған қауіпсіздік қапшықтары кемшілік салдарынан апат кезінде дұрыс ашылмайтын болып шыққан. Сол себепті АҚШ-та алдағы үш жыл ішінде Takata компаниясы орнатқан 40 млн қауіпсіздік жастығы кері қайтарылатыны мәлім етілген еді. 

Қазақпарат

Фото: Д.Балабекұлы