Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ауа температурасы көтеріліп, кей өңірлерге жаңбыр жауады

Ауа температурасы көтеріліп, кей өңірлерге жаңбыр жауады

Айқын-ақпарат
1060
Ауа температурасы көтеріліп, кей өңірлерге жаңбыр жауады Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанға ойысқан ауқымды және суық антициклон, еліміздің солтүстік-шығыс бағытынан біртіндеп Сібірге қарай жылжып барады.

Оның орнына батыс солтүстіктен жылжыған ағыс алдымен батыс, содан кейін солтүстік облыстарда жауын-шашын тудырып, шығысқа қарай жеке циклон әкеле жатыр. Осы реттегі ауа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде.

Оңтүстік облыстарға осы циклонмен байланысты жылы фронт ықпал етеді. Онымен бірге 28 және 29 қазанда ауа температурасы жоғарылап, кей жерге жаңбыр жауады.

Baq.kz 

Фото: Д.Балабекұлы