Негізгі бет  /  мақалалар  /  НАТО Эстонияға 800 сарбазын кіргізеді

НАТО Эстонияға 800 сарбазын кіргізеді

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
906
  НАТО  Эстонияға 800 сарбазын кіргізеді «НАТО ұйымының әскерлері Ресей шекарасына қарай жақындайды». Бұл соғыс алдындағы дайындық емес, НАТО әскериұйымы мен Эстония арасында уағдаластыққа сәйкес орын алып отыр.

Осы келісімге байланысты 2017 жылдан бастап, Ұлыбританияның 800 сарбазы Эстония территориясында орналасатын болады. Оған Франция мен Дания елдерінің солдаттары да қосылатын болады. Екі тарап неліктен мұндай тосын ұйғарымға келіп отыр? Украинадағы қалыптасқан жағдайдан кейін Балтық жағалауының бірқатар елдері ел аумағына НАТО-ның әскерін енгізу туралы екі жақты келісімге келген. Енді міне келер жылдан бастап, Еуропа елдерінің 800 сарбазы  Эстонияда  қауіпсіздік шараларын жалғастыратын болады. Ондағы мақсат не? Эстония билігі «бзге Ресей тарапынан қауіп бар» деп алдын ала мәдімдеме жасаған. Сонымен қатар, Эстонияға әскери техникалармен қатар, бірқатар танктер де кіргізілмек. Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Майкл Флонныңәңгімесіне сенсек, бұл қадам «НАТО-ның Шығысқа қарай қадамын кеңейту үшін жасалынып отыр». 

Бұл батольон қорғаныс сипатын ғана  көздейді, қандай да бір елге шабуыл жасау мақсатын көздеп отырған жоқ, - деп мәлімдеді Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Майкл Флонн.