Негізгі бет  /  мақалалар  /  Анасынан «таяқ жеген қыз» - балалар үйінде

Анасынан «таяқ жеген қыз» - балалар үйінде

Айқын-ақпарат
992
Анасынан «таяқ жеген қыз» - балалар үйінде Павлодар қаласында туған анасынан «таяқ жеп», зардап шеккекн үш жасар қыз балалар үйіне жеткізілді. Бұл туралы pavlodarnews.kz ақпарат таратты.

Анасынан таяқ жеп жатқан қыз туралы бейнекөрініске қатысты оқиғаға қатысты полиция және қамқорлық органдары жұмыс істеуде. Видеоны кімнің орналастырғаны әзірге белгісіз. Әйелдің өзі болса, бұл әрекетті жоққа шығаруда. Дегенмен күйеуінің туысының айтуынша, ол видеоның біреуін баланың әкесіне, екіншісін оның ата-анасына және үшіншісін баланың әкесінің ағасына жіберген. Бұдан кейін қыздың туыстары дереу үйіне жетіп, тәртіп сақшыларын шақырған.
- Instagram-да орналастырылған видео арқылы полицейлер тексеріс жүргізуде. Баланың анасының жеке тұлғасы анықталды. 32 жастағы азаматша екі баланы тәрбиелеп отыр. ҚР ҚК-нің 140-бабы, 2-бөлімі (балаларға аяусыздық таныту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Павлодар облысының ІІД-нің баспасөз қызметінде.
Білім беру басқармасының ақпаратына сүйенсек, отбасы үш бөлмелі пәтерде тұрады. Ата-аналар арасындағы неке тіркелмеген. Дегенмен, балалардың әкесі бірге тұрады. Бүлдіршіндердің оқып, жетілуі үшін барлық жағдай жасалған. Бұл отбасында екі бала тәрбиеленуде. Соққыға жығылған қыздың үлкен әпкесі 2-сыныпта оқиды.
- Қазіргі таңда үш жасар қыз Павлодар қаласының балалар үйіне орналастырылды. Онымен психолог жұмыс істейді. Ал, әпкесі әжесіне тапсырылды, - деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуенов.