Негізгі бет  /  мақалалар  /  Биылғы өнімнің бірінші қанты

Биылғы өнімнің бірінші қанты

Айқын-ақпарат
787
Биыл қыруар қаржыға қайта жаң­ғыртылудан өткізіліп, жабдықталған «Көксу» қант зауыты биылғы мау­сымда өсірілген тәтті түбірден өнді­рілген қанттың алғашқы легін қап­тап, тұтынушыларға жөнелтті.

 Кәсіпорын еңбеккерлерін осынау маңызды оқи­ғамен құттықтауға келген облыс әкімі Амандық Баталовты қарсы алғандар арасында болған зауыт құрылтайшысы Нұрлан Тілеубаев жақында ғана аяқ­талған жаңғырту және жабдықтау жұ­мысының нәтижесі туралы жан-жақ­ты айтып өтті. 
– Миллиард теңгеден астам қаржы құйып, кәсіпорынға жаңғырту жұ­мысын жүргіздік. Қазір барлық жүйелер автоматтандырылған, жұмыс үдерістерінің барлығы бір оператор­дан басқарылады. Сонымен қатар сүз­гілер түгелімен ауыстырылды. Бұл өз кезегінде өнімділікті көтеруге және электр энергиясының тұтыну мөл­шерін азайтуға ықпал етті. Ойға алған жаңалығы мол жобаларымыз жетер­лік. Биыл соның біразын үлгергенше жүзеге асырдық. Амандық болса, за­уыт­тың жаңғырту жұмыстары келесі жылы да жалғастырылатын болады, – деді кәсіпорын қожайыны.
Облыс басшысы оператор бөл­месін, өңдеу цехын аралап, дайын өнімді өз көзімен көрді. Өнім қа­былдап, өңдеуге жасалған үлкен да­йындық пен жабдықтаудың бірінші кезекте мемлекет қолдауының арқа­сында жүргізілгеніне тоқтала келе, бұған диқандар мен қант зауыты өкіл­дерінің бірлескен жұмысының да оң ықпал еткенін атап өтті.
– Бүгін біз биылғы жылы өсіріл­-ген тәтті түбірден өндірілген алғаш­-
қы дайын өнімді – ақ қантты алдық. Бұл – біз үшін аса маңызды оқиға, ұзақ та қажырлы еңбектің көрсеткіші. «Ынтымақ ырысқа бастайды» де­ген­дей, бірлесе және түсінісе атқарған жұ­мыстың арқасында Алматы облы­сында биылғы жылы 6800 гектарға қант қызылшасы себілді. Шамамен 240-250 мың тонна өнім жинаймыз деп жоспарлап отырмыз. Одан мөл­шері 24-25 мың тонна қант алынады. Бұл – өте жоғары нәтиже. Алдағы кез­де егіс айналымының талаптарын ес­кере отырып, қызылша алқабының кө­лемін жылдан-жылға арттыратын боламыз. Соған сай облыста өнді­рі­летін қант көлемі де өсе бермек. Өңдеу жұмысы кедергісіз жүру үшін бола­шақта Қарабұлақтағы, Ақсудағы қант зауыттарын да іске қосу ойда бар. Қабылданған кешенді шаралар Мем­лекет басшысының халықты отандық қантпен қамтамасыз ету туралы тап­сырмасын абыроймен орындауға сер­пін береді деп ойлаймын. Ішкі қа­жеттілікті өтегеннен кейін одан әрі біз өнімімізді экспортқа шығаратын бо­ламыз, – деді облыс әкімі.
Өңір басшысы кәсіпорын құ­рыл­тайшысының ұсынысы бойынша ке­лесі жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қант қызылша­-сын өсіретін аудандарда облыс әкім­дігінің қолдауымен қант қызылша­-сын қабылдайтын пункттер ашы­ла-
тынын да айтты. Зауыт құрыл­тай­шылары қабылдау пункттерінде зерт­хана мен өлшеу құрылғыларын ор­нат­пақшы. Қызылша өсірушілер өсірген тәтті түбірді өздеріне жақын жердегі қабылдау пунктіне әкеліп тапсырады, ал құрылтайшылар оны зауытқа өз күштерімен жеткізеді. Есептесу жер­гілікті жерде сол мезетте жүргізіледі. Сонымен қатар Көксу ауданын­дағы қабылдау пунктіне жұмысты жыл­дам­датуға мүмкіндік беретін германиялық құрылғы қойылатын болады.
Зауытқа өнім әкелген шаруалар қант қызылшасын өсіру мен өткізу ісін жеңілдету бағытында енгізіліп жат­қан жаңалықтарды естіп, риза­шы­лықтарын білдірді.