Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әзірге жалғыз қола

Әзірге жалғыз қола

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
743
Әзірге жалғыз қола Бұл күндері ауыр атлетикадан Малайзияның Пенанг қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі бел ортадан ауды. Әзірге Қазақстан құрама командасының қоржынында бір ғана медаль бар.

77 келі салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған Евгений Ло­манов 307 (140+167) келілік зілтемірді еңсеріп, қола ме­дальді қоржынға салды. Ол Колумбия мен АҚШ спорт­шы­лары­нан қалып қойды. Бас жүлдені олжалаған Юсон Лопес 351 (160+191) келіні еңсерсе, күміс медальдің иегері Ямес Хар­рисон Мауруш өзінің басты қарсыласынан 30 келі кем кө­терді. Жарыс жолына шыққан өзге жерлестеріміздің жүл­делі орындар үшін таласуға күш-жігерлері жетпеді. Арыс­тан­бек Жақанша (69 келі) 6-орынды еншілесе, Анатолий Савельев (62 келі) 8-сатыға табан тіреді. Карина Құшқанбаева (58­ келі) 9-орынды иеленсе, Диана Серебрякова (48 келі) 11-сатыға жайғасты. Десек те алдағы күндері тағы да бірнеше сал­мақ дәрежелері бойынша бәсекелер өтеді. Сол сайыстарда Қа­зақ елінің өрендері өз жанкүйерлерін қуантады деп үміт­те­не­міз. 
Жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілгендер ара­сын­да мына спортшылар бар: Ұлдар – Бао Ли (50 ке­лі, Вьетнам), Гаомин Хуанг (56 келі, Қытай), Адхамжон Ерга­шев (62 келі, Өзбекстан), Кларенс Самингс (69 келі, АҚШ) және Юсон Лопес (77 келі, АҚШ). Қыздар – Андра Мануэла Берио (44 келі, Колумбия), Жинхонг Жао (48 келі. Қы­тай), Менгиан Ю (53 келі, Қытай), Айсегүл Сакин (58 келі, Түр­кия) және Шан Хуанг (63 келі, Қытай).  
Естеріңізге сала кетейік, осының алдындағы жасөспірімдер ара­сындағы әлем біріншілігі былтыр Перудің астанасы Ли­мада өткен болатын. Сол жарыста  Әйгерім Әуелбек пен Шың­ғыс Сағындықов сынды қос қандасымыз жеңіс тұғы­рына көтерілген еді. 58 келі салмақтағы Әйгерім күміс алса, 85 келі салмақтағы Шыңғыс қолаға қол созды.