Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алматыға келетіндер анықталды

Алматыға келетіндер анықталды

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
679
Алматыға келетіндер анықталды Шағын футболдан УЕФА кубогының элиталық тобында ойнайтын 16 команданың қайсысы қай топқа түскені анықталды. Алматыда өтетін кездесуде «Қайраттан» бөлек, «Никарс» (Латвия), «Реал Риети» (Италия) және «Феникс» (Украина).

«А» тобының басты фавориті «Қайрат» екені даусыз. Се­бебі, алматылықтар талай рет кіл мықтылар жина­ла­тын «Төрттік финалында» өнер көрсетіп, 2013 және 2015 жылдары сол жарыстың бас жүлдесін олжалады. Со­нымен қатар жерлестеріміз  2006, 2009 және 2011 жыл­дары қола медальға қол жеткізді. Оның үстіне, бұл топ­тағы бәсекелер Ал­матыда ұйымдастырылады. Сол с­ебепті де, өз елімізде, өз жерімізде, өз жанкүйер­лері­міздің көз алдында өтетін жа­рыста «Қайрат» бірінші орын­ды олжалауға міндетті. Тек сол межеден көрінген жағ­дайда ғана «Төрттік фи­налында» күш сынасу құқы­ғын сақтап қаламыз. 
Өзге топтағы кездесулерді Хор­ватияның Загреб, Словенияның Марибор және Португалияның Лиссабон қа­ла­лары қабылдайды. Бұл бә­секелер мына командалар арасында өрбиді: «В» тобы –«Югра» (Ресей), «Араз» (Әзір­байжан), «Гамбург» (Гер­мания) және «Насиональ» (Пор­тугалия). «С» тобы –  «Ин­тер» (Испания), «Эко­но­мац» (Сер­бия), «Хрудим» (Че­хия) және «Брезье» (Сло­­вения).  «D» тобында «Ди­на­мо» (Ресей), «Спор­тинг» (Португалия), «Дьер» (Венг­рия) және «Юс Таргу Мюрес» (Румыния).  
Сонымен қатар таяуда 2018 жылы Словенияның Любляна қаласында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу тур­нирінің жеребесі тартылды. Негізгі кезеңдегі бә­секелердің бірі 2017 жылдың 3-12 сәуір аралығында Қа­зақстанда өте­ді. Бұл жарыста жерлестеріміз Чехия және Македониямен кездеседі. «Е» тобында өтетін Нор­вегия, Дания, Кипр және Косово командалары ара­сындағы тартыста озып шыққан ұжым да Алаш да то­пырағына табан тірейді.