Негізгі бет  /  мақалалар  /  6 адам газдан уланып көз жұмды

6 адам газдан уланып көз жұмды

Айқын-ақпарат
975
6 адам газдан уланып көз жұмды Өткен аптада 6 адам газдан уланып, бақилық болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

«Ескертулер мен хабарламаларға қарамастан көптеген тұрғын қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Соның салдарынан қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Бір апта ішінде оқыс оқиға салдарынан 6 адам көз жұмып, 14 адам ауруханаға жеткізілген», дейді Руслан Иманқұлов.+
Кун суытып, аяз енді ғана басталса да, елімізде иіс тиіп уланғандар саны аз емес. Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға пеш мұржаларын жиі тазалап отыруды, бөлмені желдетіп, пешті жөндеу жұмыстарына баса назар аударуды ескертеді.
http://bnews.kz