Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Жалаңаш Трамп» 22 мың долларға сатылды

«Жалаңаш Трамп» 22 мың долларға сатылды

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1042
«Жалаңаш Трамп» 22 мың долларға сатылды АҚШ президенттігіне кандидат ретінде Республикалық партия атынан сайлауға түсіп жатқан Дональд Трамптың жалаңащ статуясы саудада 22 мың долларға сатылды.

Болжам бойынша «Трамптың» алғашқы бағасы 10-20 мың доллардың айналасында болады делінген. Ақиқатында оның  балауыздан жаалған ескерткіші 22 мың долларға сатылды.

Алғашында Трамптың ескеркіші Лос-Анжелес қаласындағы көшелердің біріне орнатылғаны белгілі.  Мұны елдің Indecline атты үкіметтік емес ұйымы жасап шығарған. Олар осы қадамы арқылы Трампқа  қарсы наразылығын білдірген. Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің пайымынша, «Трамп АҚШ-ты басқара алмайды, әлемге қауіп төндіреді».

Үкіметтік емес ұйым тамыз айында Трамптың  тыржалаңаш бейнесін Сан-Франциско, Сиэтл, Нью-Иорк  және тағы басқа қалалардың көшелеріне қойып, мазақ еткен. Енді міне халық көп жүретін көше бойында тұрған Трампты аты-жөнін атамауды жөн көрген белгісіз адам 22 мың долларға сатып алды.