Негізгі бет  /  мақалалар  /  Каддафидің өліміне кім кінәлі?

Каддафидің өліміне кім кінәлі?

Айнұр Қазыкенова
1508
Каддафидің өліміне кім кінәлі? Осыдан бес жыл бұрын 20 қазан күні Ливия басшысы Муаммар Каддафи көтерілісшілердің қолынан қаза тапты.

«Қаза тапты» деу артық болар, қансырап қолға түскен Каддафиді көтерілісшілер аяусыз қорлады, ұрып-соқты, ақыры атып тастады. Неге? Мемлекетті 42 жыл басқарған, еліне үлкен  жақсылық жасаған адам осылай өлуге тиіс пе еді? Жоқ! Демек оның ажалы  сырттан келгені  белгілі. Бұл жөнінде RT телеарнасына  сұхбат берген  Муаммар Каддафидің  немере бауыры Ахмед Каддафи ад-Дам  Ливия  басшысының өлімі  жайында мынадй болжам айтады. «Муаммар Каддафи 1999 жылдан бастап, Африка  одағы,  одақты  басқаратын  бір ғана Үкімет жайында  әңгіме  қозғай  бастады.Тіпті панафрикандық ортақ валюта шығару мәселесі  айтылды. Өйткені Африка елдерінің алтын қоры мол еді. Доллармен  бәсекеге түсетін ақша  шығаруға  мүмкіндігі бар еді.  Бірақ амал қанша, Муаммардың осындай  ойларын жүзеге асырмас үшін Батыс елдері оны «тиран», «диктатор»  деп атап, түбіне жетуге ұмтылды. Ақыры солай болды  да. Егер Муаммар  Каддафидің ойы  жүзеге асып, Африкалық  одақ құрылып, жеке дара Үкіметі  және  өзіндік валютасы болғанда  Африка  Батыстың уысынан шығып  кетер еді. АҚШ бастаған Еуропалық елдер  осыдан қорықты. Муммардың бастамасы жалпы  африкалық   идеяға айналып  кетпес үшін, оныңкөзін тезірек жою керек  болды». Жалпы Муаммар  Кадафидің өлімене  себепші болған болжамдар  жеткілікті. Бірі оның өлімін мұнай  мен газға байланыстырса, екіншісі  айтақыр Африканы оазиске  айналдымақ болғаны үшін деген болжамдар айтады. Кім  білсін? Дегенмен, әңгімеге  арқау  болған Каддафи кім еді? Шындығында, Каддафи айдалада қоста дүниеге келген кембағал бір бәдәуидің баласы-тұғын. 1969 жылы елдегі монархиялық режимді құлатқан Муммар сол елдің билеушісі атанды. Әрине, елдің премьер-министрі де, қорғаныс қолбасшысы да атанды. Ең соңында мұндай ресми лауазымдардан бас тартып, «революция көсемі» деген атты өзіне қалдырды. 1970 жылы елдегі билікті таза қолына алған ол Ливиядағы өзге елдің әскери базаларын жауып, әскерін қуып шақты. Мемлекет дамуының бағдар шамы болған «Жасыл кітап» деген еңбегін жазды. Шындығында бұл кітап ливиялықтарды өркениетке жетеледі. Кезінде тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткен мұнай-газ саласын, мемлекет қарауына алды. Онан түсер пайданы халыққа бөліп берді. Осылайша Африкадағы ең артта қалған, кедей елді ең бақуатты жұртқа айналдырды. Бензин бағасын 14 центтен асырмаған, газдың бағасын адам айтса сенгісіз төмен ұстаған, дүниеге келген нәрестеге 10 мың доллар, үйленген жас отбасылардың есеп шотына алпыс мың доллар салып отырған һәм баспана алу үшін пайызсыз несие бергізген, білім мен медицинаны тегін етіп, әлемнің іргелі ауруханаларында дімкәс азаматтарын мемлекет тарапынан ақша төлеп емдеткен, шөл далаға «әлемнің сегізінші кереметі» деп атауға тұратын мың жарым шақырымдық жерасты каналын қаздырып, оған 500 метрлік тереңдіктен су сорып, құятын 1300 құдық тұрғызған, сөйтіп игеруге келмейтін қу тақырды гүлжазираға айналдырып, ауыл-шаруашылығы өнімдерін өндіретін деңгейге жеткізген, алдағы уақытта тағы екі мың шақырым су жүретін канал тұрғызып, сар далаға 2 миллион пальма ағашын отырғызып құс үстінен ұшып өтуі қиын сахараны оазиске айналдыруға ұмтылған Каддафи еді. Бірақ мұның  бәрі Батысқа  ұнамады. Калайда оның  көзін  жою  керек  болды. Ақыры  солай  істеді  де. Каддафиден  кейінгі Ливия қазір  қиын жағдайда.Тас-талқан, быт-шыт.Тайпалар бір-бірімен соғысқан, біраз  жерін «Ислам тобы» иелік еткен елге айналған.Еуропаға  босқан боскындардың 40 пайызы да осы ливиялықтар.

                                                      Айнұр Қазыкенова