Негізгі бет  /  мақалалар  /  6 жасар қызды зорлап өлтірген

6 жасар қызды зорлап өлтірген

Айқын-ақпарат
1042
6 жасар қызды зорлап өлтірген Алматыда алты жасар қызды зорлап өлтіргені үшін Артур Оғлы есімді тұрғын 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаза болған қыз баланың отбасы сот шешімімен келісуде. Сотталушы бостандығынан айырылумен қатар, кәмелетке толмаған балалармен байланысты жұмыстар мен мұғалімдік қызметтен өмір бойына аластатылды.

 

Қылмыскер жазасын арнайы режимдегі түзету колониясында өтейтін болады, ал алғашқы бес жылын түрмеде өткізеді. Отырыс залында сотталушы ешқандай эмоциясын байқатпады. Ал үкім жария етілгеннен кейін ол үкімге шағым түсіруге ниетті екенін айтты. Ол үшін азамттың 15 күні бар.

Еске салсақ, жантүршігерлік жайт ағымдағы жылдың 7 шілдесінде болған. 41 жастағы педофил алты жасар Дарья Регурецкаяны алдап өз үйіне алып кеткен. Ол қыз баланы зорлап өлтіреді. Кейін, түк болмағандай баланың мәйітін қапқа салып, үй маңындағы люктердің біріне лақтыра салған. Ол, тіпті полицейлер келгенде ізін жасыруға тырыспады.

Артур Оғлы бұған дейін адам өлтіріп, ұрлық жасағаны үшін істі болған. Екі жағдайда да оны мерзімінен бұрын босатқан.

"Евразия бірінші" арнасы