Негізгі бет  /  мақалалар  /  АЯҚ КИІММЕН НАМАЗ ОҚУҒА БОЛАДЫ МА?

АЯҚ КИІММЕН НАМАЗ ОҚУҒА БОЛАДЫ МА?

Айқын-ақпарат
883
АЯҚ КИІММЕН НАМАЗ ОҚУҒА БОЛАДЫ МА? Ассаламуалейкум! Қыс айларында кейде жұма намазын мешіттің сыртында оқуға тұра келеді. Күн суық болғандықтан, аяқ киімді шешпейміз. Сіздерден осы жайында сұрайын деген ем, суық тигізіп алмау үшін аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

Уа алейкум ассалам!

Амр бин Шұғайыб әкесінен және атасынан риуаят етеді: «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) жалаң аяқ және аяқ киімде намаз оқығанын көрдім».

Ал, Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) мынадай жайтты риуаят етеді: «Пайғамбар (с.ғ.с.) аяқ киімін шешкен соң, адамдар да кебістерін шешті. Пайғамбар (с.ғ.с.) намазын бітіріп: «Кебістеріңді неге шештіңдер?» – деп сұрады. Адамдар: «Сіздің шешкеніңізді көріп, біз де шештік», – деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Маған Жәбірейіл келіп, аяқ киімімде бір жаман нәрсе барын жеткізді. Сендер мешітке келсеңдер, аяқ киімдеріңнің табанына қараңдар. Жаман нәрсе (нәжіс) болса жерге ысқылап, онымен (кебісті шешпей-ақ) намаз оқи беріңдер».

Түйіндей айтқанда, суық күндерде аяқ киіммен намаз оқуға рұқсат етіледі. Ең бастысы,аяқ киімнің табанында нәжіс болмауы керек. Нәжіс болған күннің өзінде қарға немесе басқа нәрсеге тазалап алған соң оқи беруге болады.

muslim.kz