Негізгі бет  /  мақалалар  /  Біріккен Ұлттар Ұйымы күні 24 қазанда аталып өтеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы күні 24 қазанда аталып өтеді

Айқын-ақпарат
972
Біріккен Ұлттар Ұйымы күні 24 қазанда аталып өтеді 1945 жылы 24 қазанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы күшіне енді.

Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі және өзге де қатысушылары осы негіз қалаушы құжатты ратификациялаған соң, ресми түрде ұйым пайда болды және 1948 жылдан бастап 24 қазан - Біріккен Ұлттар Ұйымының  күні ретінде мерекеленеді.

Айта кетейік, Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ мүшесі атанды.

1992 жылы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен алғаш рет БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі тағайындалды. 1992 жылы 5 маусымда БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігін құру туралы Президент Жарлығына қол қойылды. 1993 жылы 16 ақпанда Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі ашылды.

2016 жылы 28 маусымда Қазақстан 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы бірқатар БҰҰ аранайы мамандандырылған мекемелерінің және екі аймақтық БҰҰ комиссиясының (ЕЭК және ЭСКАТО) мүшесі. 

Қазақпарат