Негізгі бет  /  мақалалар  /  Сыбайластарын у беріп өлтіріп келген

Сыбайластарын у беріп өлтіріп келген

Айқын-ақпарат
1187
Сыбайластарын у беріп өлтіріп келген Қостанай облысы Әулиекөл кентінде 2013 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ пайда болды. Оның жетекшісі Түлеков облыстық прокуратураның деректеріне сәйкес, ұйымдасқан топқа өзінің таныстарын, туыстарын, ауылдастарын тартқан.

Аlau.kz хабарлағандай, аталмыш қылмыстық топ 226 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты салық төлемдерінен жалтару мақсатында 7 жалған кәсіпорын құрған. Келтірілген шығын 2 миллиардтан астам теңгені құрады. Кәсіпорындар Қостанай облысы және Астана мен Алматы қалаларында жалған тұлғалардың атына тіркелген. 

«Кейіннен, өздерінің қылмыстық іздерін жасыру үшін Түлеков өзінің сыбайластарының бірін өлтіріп, екіншісін өлтіремін деп қорқытқан. Түлеков оларға есірткі саламын, деген желеумен улы затты егіп келген», - деп атап өтеді Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жоғарыда аталған топтың қылмыстық әрекеті ҚК 4-бабы бойынша жіктелді. Онда өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза да қолданылуы мүмкін. Тергеу барысы облыс прокуратурасының процессуалды прокурорының бақылауында болды. Барлық тергеу әрекеттері қатаң түрде заңға сәйкес жүргізілді.

ҚазАқпарат