Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жануарлардан жапа шеккен адамдар қатары артты

Жануарлардан жапа шеккен адамдар қатары артты

Айқын-ақпарат
876
Жануарлардан жапа шеккен адамдар қатары артты Ақтөбеде жануарлар тістеп, тырнап тастаған 1100-ден астам адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оның тең жартысы белгілі, өзгесі белгісіз жануардан зардап шеккен.

Бұл туралы Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жайдар Құрманов айтты.

«Ақтөбе қаласында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жыл басынан бері 3 мыңға жуық тексеру жүргізіліп, 32,9 миллион теңге айыппұл салынды. Қазір басты қиындықтың бірі екпеден бас тарту жағдайы жиілеп кетті. Қалада 1380 бала екпе жасатпады, оның 738-і мүлде екпе алмаған. Себептеріне келер болсақ, 70 пайыздан астамы діни көзқарасты алға тартса, 5 пайызы екпенің қандай да бір аурудан қорғайтынына сенбейді»,- дейді Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жайдар Құрманов.

Жыл басынан бері Ақтөбе қаласында 1164 адам жан-жануарлардан жапа шекті. Тістеп, тырнау оқиғасының биыл 200 жағдайға артуы өңірдің санитар мамандарын алаңдатып отыр.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы оқушылардың денсаулығына да мән береді. Талдау қорытындысы бойынша, бірінші орында көз, екінші орында тыныс алу, үшінші орында жүйке жүйесі аурулары тұр. Талдау қорытындысы қалалық білім бөліміне жіберілді»,- дейді Ж.Құрманов.

Айта кетейік, санитар мамандар мораторийге байланысты шағын және орта бизнесті негізсіз тексере алмайды. Дегенмен, донер, самса сататын 70 дүңгіршекке шағым айтып, тұтынушылардың улану жағдайы тіркелмеген. Санитар мамандар жыл ішінде 361 тағамның сынамасын тексеріп, 6 пайызы талапқа сай болмай шықты. Азық-түліктің бәрі сатылымнан алынған.

Алтынай Сағындықова

baq.kz