Негізгі бет  /  мақалалар  /  Соңғы пікірталаста Хиллари Клинтон жеңіске жетті

Соңғы пікірталаста Хиллари Клинтон жеңіске жетті

Айқын-ақпарат
1203
Соңғы пікірталаста Хиллари Клинтон жеңіске жетті Американың Лас-Вегас қаласында АҚШ президенттігініе үміткер Дональд Трамп пен Хиллари Клинтон арасындағы соңғы – үшінші теледебат өтті.

Пікірталас 6 тақырып бойынша өрбіген. Олар көші-қон, әлеуметтік бағдарламалар мен мемлекеттік қарыз, экономика және сыртқы саясат мәселелері турасында өз пікірлерін білдірді. Әсіресе сыртқы саясатқа көп көңіл бөлінген. Пікірталас қорытындысы бойынша Демократиялық партиядан үміткер Клинтон басымдыққа ие болды. CNN арнасының хабарлауынша, көрермендердің 52 пайызы Клинтонға дауыс берсе, 39 пайызы Трампты қолдаған. Ал сарапшылар сайлау алдындағы соңғы пікірталас нәтижесі алдағы саяси науқан үшін өте маңызды екенін атап өтті. АҚШ президенттігіне сайлау 8 қарашаға жоспарланған.

Хабар24