Негізгі бет  /  мақалалар  /  Түрмеде мейрамхана ашылды

Түрмеде мейрамхана ашылды

Айқын-ақпарат
864
Түрмеде мейрамхана ашылды Италияның Турин қаласында «Liberamensa, ristorante in carcere» деп аталатын түрме-мейрамхана ашылды.

Ол аптасына екі кеш жұмыс істейтін болады, деп жазады Baq.kz.

Жаңа бірегей мейрамхананың қызмет көрсетуші персоналы тегіс Le Vallette түмесінің сотталғандарынан жасақталған. Ол Туриннің сыртындағы шағын ауданда орналасқан.

«Италия по-русски» порталының хабарлауынша, мейрамхана жұма және сенбі күндері жұмыс істейді. Үстел брондау міндетті түрде, ол үшін қонақтар тек аты-жөнін ғана емес, сондай-ақ туған жері мен күні жайында толық мәлімет қалдырулары керек.

Мәзір әр үш ата сайын ауысып отырады. Мейрамхана тағамдарына пайдаланылатын барлық жеміс-жидектер мен көкөністер түрме аумағында өсіріледі.