Негізгі бет  /  мақалалар  /  ПАКЬЯО КЕДЕЙЛЕРГЕ АРНАП 1000 БАСПАНА САЛЫП БЕРДІ

ПАКЬЯО КЕДЕЙЛЕРГЕ АРНАП 1000 БАСПАНА САЛЫП БЕРДІ

Айқын-ақпарат
888
ПАКЬЯО  КЕДЕЙЛЕРГЕ АРНАП 1000 БАСПАНА САЛЫП БЕРДІ Атақты боксшы, саясаткер, мультимиллионер Мэнни Пакьяо баспанасыз отандастарына арнап 1000 үй салып берді. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында бөліскен көрінеді.

«Филиппиннің Сарангани өңіріндегі отандастарыма арнап 1000 үй салып, тегін таратып бердім. осы үшін өзімді де бақытты сезінудемін. Құрылыстың қаражатын толықтай өз қалтамнан шығардым», – деп жазған ол.

«Мұнымен шектелмей алдағы уақытта тағы да баспана салып отандастарыма үлестіре беремін. Өйткені, кітабымыз Інжілде адамдарға қайырымдылық жасауға шақырады», – дейді христиан дінін ұстанатын Пакьяо.

 

muslim.kz