Негізгі бет  /  мақалалар  /  ТҮРКИЯДА ТАЗА АЛТЫННАН МЕШІТ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКИЯДА ТАЗА АЛТЫННАН МЕШІТ ЖАСАЛДЫ

Айқын-ақпарат
1032
ТҮРКИЯДА ТАЗА АЛТЫННАН МЕШІТ ЖАСАЛДЫ Түркия елінде таза алтыннан жасалған мешіт макеті пайда болды. Алтынмен апталып, асыл тастармен көмкерілген макеттің түпнұсқасы ретінде әлі салынып бітпеген Чамлыджа мешіті таңдалған көрінеді.

Жалпы салмағы 307 келі 22 грамм болатын макетті құрастыруға 27 кәсіби шебер жұмылдырылған. Нысанның биіктігі – 1,85 метр. «Алтын мешіт» Istanbul Jewelry Show деп аталатын халықаралық зергерлік көрмесіне қойылып отыр.

Айта кетейік, «алтын мешіттің» дүниеге келуіне үлгі болған Чамлыджа мешітінің өзі келесі жылдың жаз айларында ашылады.

muslim.kz