Негізгі бет  /  мақалалар  /  Елімізде ралии-рейдтер бойынша Әлем кубогі өтеді

Елімізде ралии-рейдтер бойынша Әлем кубогі өтеді

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
947
Елімізде ралии-рейдтер бойынша Әлем кубогі өтеді Алматыда Қазақстан Республикасының Автомотокөлік федерациясы баспасөз конференциясын өткізді.

Бірнеше күн бұрын FIA Халықаралық автокөлік федерациясының Дүниежүзілік Кеңесі отырыс өткізіп, оның қорытындысы бойынша 2017 жылға жоспарланған әртүрлі автокөлік жарыстары әлемдік біріншіліктерінің күнтізбелері ресми түрде бекітілді. Олардың бірі ралли-рейдтер бойынша әлем чемпионаты болып табылады.

ҚР Автомотокөлік Федерациясы еліміздің тарихында алғаш рет FIA ралии-рейдтер бойынша Әлем кубогінің бір кезеңін еліміздің аумағында өткізу құқығына қол жеткізді. Rally Kazakhstan 2017 жарысының қазақстандық бөлшегі 2017 жылғы мамыр айының 20-нан 27-не дейінгі кезеңде Маңғыстау облысының Ақтау және Жаңаөзен қалалары аймағындағы ойлы-қырлы жерде өткізіледі.  

Марат ӘБІҚАЕВ, ҚР Автомотокөлік Федерациясының Президенті:

-Бүкіл автомотоспорт әлемі үшін осы елеулі оқиға-соңғы төрт жыл ішінде жүргізілген табаны жұмыстың нәтижесі. Біз оны 2013 жылы Бірнеше күн бұрын FIA Институты мен Ұлыбританияның Автоспорт Федерациясының қолдауымен Алматы автоспортының шамамен 50 төрешісіне арналған оқу жаттығуларынан бастап, 2016 жылы жоспарлы түрде ралии-рейдтер бойынша Әлем кубогі күнтізбесіне енгізуге үміткерлер жарысын өткізуге дейін жеттік. Ал енді қазір Федерациямыздың 2017 жылға арналған Халықаралық Спорт Күнтізбесіне енгізілу құқығына ие болғанын және осының өзі үлкен жетістік болып табылатынын мақтанышпен айта аламыз. Осы жолғыдай, Rally Kazakhstan 2017 Маңғыстау облысы Әкімдігінің қолдауымен өтпек.

Фред Галлахер, Rally Kazakhstan 2017 жарысының басшысы:

-Қазақстанда өткен үміткер жарыс ең жоғары деңгейде өтетін атап өткім келеді. Сіздердің елдерде көптеген алуан ландшафтар үйлескен. Бұл біріне бірі ұқсамайтын, күрделілігі аса жоғары қызықты бағыттарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Қазақстандық кезең халықаралық автокөлік спорты әлемінің айшықты оқиғасына айналып, оны барлық атақты жарыскерлер қызыға да сүйсіне өтеді, деп ойлаймын.

2017 жылы Әлем кубогі 10 кезеңнен тұратын болады және олардың әрқайысы өз еліндегі ең үздік жарыс болады, бұл Ралли-рейдтер бойынша Әлем чемпионатының беделі мен жоғары мәртебесін көрсетеді.

 

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

суреттерді түсірген автор