Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қолтаңба көп нәрсені білдіреді

Қолтаңба көп нәрсені білдіреді

Жолдасбек Дуанабай
1334
Қолтаңба көп нәрсені білдіреді Уругвайдағы республикалық университеттің ғалымдары 340 әйел мен еркектің жеке қолтаңбасын зерттеп, соған байланысты ғылыми анықтама берді.

Зерттеушілер сауалнамаға қатысқан азаматтар есімінің қанша әріптен тұратындығына, қол қою кезіндегі ерекшелігіне баса мән берген. Нәтижесінде ғалымдар ерлер мен әйелдер қолтаңбасын үлкен әріптермен қойса, ондай адамдар үнемі өз ортасының гүлі болуға тырысатындығын дәлелдеген. Тест барысында ондай жандардың достыққа бейімдігін де атап көрсеткен. Олар жанындағылармен жақсы қарым-қатынаста болады, үнемі көзге түсуге ұмтылады, өзіне өзі баға беріп жүреді.  
Сонымен қатар,  қолтаңбасын айдақ-сайдақ қоятын арулар даңғой мінезді болып келсе, қолтаңбасы ықшам әйелдер өзімшілдеу келеді. Мамандар ерлерден мұнай айырмашылықты байқамаған.  Ғалымдар мұны әйелдер мен ерлердегі нарциссизмнің әртүрлі пайда болуымен байланыстырады. Енді бір зерттеушілер бұрындары жүргізілген сараптамаға сүйене отырып, нарцисстер өз қолтаңбасын ерекшелеуге тырысатындығын және леп белгісімен аяқтайтындығын анықтаған. 
Шын мәнінде құжаттарға қол қою кезінде  қолтаңбаңның ерекшелігін байқату да өнер.