Негізгі бет  /  мақалалар  /  Youtube арқылы қалай ақша табуға болады?

Youtube арқылы қалай ақша табуға болады?

Айқын-ақпарат
1179
Youtube арқылы қалай ақша табуға болады? Қазақстандық блогерлер Youtube арқылы ақша табудың жолдарын айтты.

Қазақстанда видеоблогинг күн санап қарқын алып келеді. Басында бұл тек ермек үшін жасалса, қазір оны қосымша табыс көзіне  айналдырғандар да бар. ҚазАқпарат тілшісі сондай блогерлермен тілдесіп, жаңа "мамандықтың" қыр-сырын ашуға тырысып көрді.

Forbes журналы былтыр YouTube әлемінің ең табысты блогері швед азаматы Феликс Кьелльбер (PewDiePie) екенін анықтаған. Танымал ойындардың біріне видеогайд түсірумен айналысатын Феликс 40 миллион көрермен жинаған және 12 миллион доллар табыс тапты.

Танымал видеоxостинг арқылы қазақстандықтар да ақша таба алады. ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Google компаниясының баспасөз қызметі кез келген қазақстандық YouTube серіктесі атанып, өзінің YouTube арнасында монетизация жасай алады.

"Серіктес атану үшін арнаның баптауына кіріп, монетизацияны басса болғаны. Содан кейін "Авторларға арналған академия" қызметінің ресурстары мен ұсыныстарын қолдана отырып, арнаны дамытуға және оңтайландыруға күш салуға болады. Арна көрермендері ұлғайған сайын автор  YouTube-тан жаңа мүмкіндіктер мен қолдаулар таба алады. Мысалы, 10 мың көрермен жинаған авторлар арнаны оңтайландыру мен одан әрі дамытуға қатысты YouTube маманынан тегін кеңестер алу мүмкіндігіне ие болады", - деп жазады компания баспасөз қызметі.

YouTube қолданушының арнасын және видеосын жарнамалық блоктармен қамтамасыз етеді. Ақша видео көрген адам санына қарап емес, жарнама баннерлеріне кірген адам санына байланысты төленеді. Бірақ қазақстандық видеоблогерлер бұндай әдістен көп табысқа кенеле алмайсың деп отыр. Блогерлерге тікелей жарнама берушілер xабарласса, қомақты табыс табуға болады.

Ілияс Абдулиннің жасы 24-те. Ол - "Реакция" атты қазақстандық YouTube-арнаның негізін қалаушы. Қазіргі уақытта оған 460 мыңға жуық адам жазылған. Оның интернет жобасы жастардың видеоxостингтағы жаңа трендтерге деген көзқарасын, реакциясын көрсетеді. ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында Ілияс бұл салаға үш жыл бұрын, АҚШ-та оқып жүрген кезінде бастағанын айтты.

"Егер видеоблог жүргізу өзіңе ұнайтын болса, соншалықты әуреге салмайды. Ол көп уақыт алады деп айтпас едім. Бұл шығармашылық процесс және оған кеңседегі жұмыс секілді уақыт арнау қажет емес. Менің уақытым көп, бірақ жалпы шығармашылық процесс болғандықтан, жаңа видео, жаңа жоба туралы ой-толғау менде үздіксіз болады", - дейді Ільяс.

Оның айтуынша, видеоарна оның басты қаражат көзіне айналған. Бірақ ол YouTube ұсынған серіктестік бағдарламасынан емес, оған тікелей ұсыныспен келетін жарнама берушілерден көп пайда көретін көрінеді.

"Қазіргі уақытта бұл ТВ, билборд, газет пен журналға қарағанда, сапа мен баға тұрғысынан келгенде ең оңтайлы жарнамалардың бірі болып табылады", - дейді ол.

YouTube-арнасы 286 мың тұрақты көрермен жинаған танымал бьюти-видеоблогер Евгения Гейн (Jenya Geyn) өзінің әріптесімен келісіп отыр. Женя Гейн өз арнасын төрт жылдан бері жүргізіп келеді. Негізінен саяxат пен сұлулық тақырыптарында видеоөнім түсіреді.

 

ҚазАқпарат