Негізгі бет  /  мақалалар  /  Apple жаңа ноутбуктерін таныстырады

Apple жаңа ноутбуктерін таныстырады

Айқын-ақпарат
1019
Apple жаңа ноутбуктерін таныстырады Apple компаниясының келесі таныстырылымы 27 қазанда өтеді, деп хабарлады Recode.

Шарада көпшілік назарына жаңа MacBook Pro ноутбуктері ұсынылады деп күтілуде.

Соңғы рет компания жаңа ноутбуктерін 2012 жылы жаңартқан. Сол кезде жария етілген MacBook Pro-ға Retina экраны мен Force Touch қолдайтын трекпад қосылған болатын.

Bloomberg агенттігінің бұған дейінгі хабарлауында, күзгі таныстырылымда iMac, MacBook Air жаңа модельдерін, сонымен қатар қанықтылығы 5K қолдайтын мониторды көрсетуі мүмкін деп мәлімдеген. Расталмаған деректерге сәйкес, жаңа MacBook Pro қазіргісінен жұқалау, пернетақтасы барынша жалпақтау және қосымша ақпаратты көрсетуге арналған сенсорлық OLED-экраны болады.  

 

ҚазАқпарат