Негізгі бет  /  мақалалар  /  Үш жүлдемен оралды

Үш жүлдемен оралды

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
800
Үш жүлдемен оралды Дағыстанның Хасавюрт қаласында еркін күрестен Құрлықаралық кубок жолындағы жарыс өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстанның үш балуаны жеңіс тұғырына көтерілді.

61 келі салмақта белдескен Дәулет Ниязбеков ақтық сынға де­йін алқынбай жеткенімен, ше­шуші тұста боз кілем қожа­йыны Рамазбек Жамаловтан ұтылып, күміс медальді иеленді. Дәл сон­дай нәтижеге 70 келі салма­қтағы Данияр Қайсанов та қол жеткізді. Қандасымыз финалда Ресейдің тағы бір белді балуаны Магомед Құрбаналиевтен ұтылды. Ал аса ауыр салмақ дәрежесінде күш сынасқан Дмитрий Попов қола медальді кеудесінде жарқыратты. Өкінішке қарай, өзге жерлес­теріміздің жүлделі орындар үшін таласуға күш-жігерлері жетпеді. 
Дағыстанда өткен бұл жарыс­тың бас жүлдесінің барлығын жер­гілікті жігіттер иеленді. Жоға­рыда есімдері аталған қос балуан­нан бөлек, Заур Угуев (57 келі), Ілияс Бек­болатов (57 келі), Гаджи Набиев (74 келі), Анзор Уришев (86 келі), Ахмед Батаев (97 келі) және Батрадз Газзаев (125 келі) сын­ды спортшылар жеңіс тұғы­ры­ның ең биік сатыларына көтерілді. Бұл турнирде топ жар­ғандар 
150 000 Ресей рублі көле­мінде сыйақы алса, жүлдегерлер 100 және 50 мың рубльді қалтаға басты.